«5 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай
Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінде "Тіл - бірлік пен татулық тірегі" атты «Қазақ тіл мен әдебиеті», «Ағылшын тілі», «Орыс тілі» пәні бірлестіктерінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Шараның ашылу салтанатын ағылшын тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері жаңаша форматта ұйымдастырды. Қосымша білім беру орталығының «Жас домбырашылар» үйірме мүшелерінің күмбірлете тартқан күйі көрермендердің құлақ құрышын қандырды.
Пән мұғалімдері мектептің кіре беріс фойесін әуежай стилінде безендіріп, ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым қатынас тілі, ағылшын тілі - халықаралық қатынас тілі туралы қанатты сөздерді шығарып, жас оқушылар мен ұстаздарға таратты. Сонымен қатар, апталықтың бағдарламасы әуежайдағыдай паспортқа шығарылып, тіл мерекесіне арналған іс шаралар ұстаздарға хабарланды.
Тіл мерекесінің ашылуы таңғы көңіл күйді ашып, ыстық сусын ұсынылып, түрлі сыйлықтар таратылды.