Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектеп тарихы

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №5 мекен жайда орналасқан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған 1248 орындық  №264 мектеп-лицейдің құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін бекіту туралы қала әкімінің 2010 жылғы 17 қыркүйектегі №148-Ө өкімі шықты. №264 мектеп-лицей 2010 жылдың 15 қарашасында ашылды.

Сапалы білім беру үшін сапалы мектепті қажет етеді. Сондай мектептердің бірі №264 мектеп- лицей заман талабына сай соңғы техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда зәулім де биік ғимарат қала көркіне өзіндік ажар, көрік беріп тұрған нысандардың біріне айналды. Мектеп-лицейде 164 сынып кешені, 4180 оқушы білім алып, 410 педагог кадр жұмыс жасауда. Оқыту тілі-қазақша.

Бұл мектептің іргетасы 2007 жылдың қараша айында қаланған. Сметалық құны 1млрд,630 млн теңге тұратын құрылысты жергілікті «Асар- Холдинг ЛТД» ЖШС жүргізген.

№264 мектеп-лицейі жанынан  550 орынға арналған бастауыш оқу ғимараты 2023 жылы ашылды. Тапсырыс беруші: «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-сі. Мердігер: ТОО «Интегрострой». Бас жобалаушы: ТОО «Крез-Сервис».

Қызылорда облысының «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының №162-нқ/1 11.10.2021жылғы бұйрығына сәйкес, №264 мектеп-лицейі оқушыларының жаратылыстану-математикалық сауаттылығын арттыру, физика-астрономия бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқыту сапасын жоғарылату мақсатында мектеп овсерваториясы ашылды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет. Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Оқушыларды ақпараттық-технологияны жетік меңгеруі үшін қазіргі заманғы технологияларды қолдану. I-TEST, I-MEKTEP, BILIMLAND,  GEOGEBRA, РОБОТОТЕХНИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕРІН тиiмдi қолдану арқылы жоғары сапаға қол жеткізу – жұмыстар нәтижесін беріп келеді.

  1. Оқушылардың денсаулығын нығайту, демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, спортқа баулу мақсатында мектеп-лицейдегі ЖҮЗУ БАССЕЙНІН толық жабдықтап, пайдалану – жұмыс нәтижелерін беріп келеді.
  2. Пәндік Олимпиадалардан Республикалық, Халықаралық деңгейге дейін көтеріліп нәтижесін беріп келеді.
  3. Ғылыми жоба бойынша облыстық, республикалы, халықаралық деңгейге шығу – жұмыстар нәтижесін беруде.
  4. ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Робот техникасын меңгерген балалар түрлі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, ұялы телефонға және компьютерге арналған ойындар құрастыруды, Lego роботтарын жинап, әрі бағдарламалауды, Photoshop пен Illustrator-да жұмыс жасауды, 3D-обьектілер мен интерьерді моделдеуді де меңгеріп шығатын болады. Оған қоса, Web-сайттарды әзірлеуді, кәсіби фотосуретке түсіруді, видеоларды өңдеуді, қарапайым қолданбалы қосымшаларды жасауды, Arduino микроконтроллерін бағдарламауды, Anime Studio бағдарламасында мультфильмдер жасауды үйренетін болады. Ол үшін РОБОТОТЕХНИКА КАБИНЕТТЕРІН көбейтіп, оқушыларды толық меңгертіп, қазіргі заманға сай бейімдеу;
  5. Мектепте оқушылар жұмыс жасау үшін «SMART» ақпараттық орталығы жасақталған. Онда STEM лаборатория кабинеті бар, онда жаңа үлгідегі цифрлы құрылғылар: 3D принтер, соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.

Компьютерленген кабинеттер тестілеу жүйесін дамыту мақсатында   тестілеу процесі мен қорытынды өңдеуді автоматизациялау үшін кәсіби құрал. Ол төмендегі мәселелерді шешуге арналған: Тестілеу және оқушы білімін бақылау; TIMSS, PISA  және «PIRLS» Халықаралық зерттеуінің тапсырмалары негізінде оқушылардың жаратылыстану-математикалық сауаттылығын дамыту; қызметкерлердің кәсіби деңгейін анықтау; психологиялық тестілеуді жүргізу; сауалнама жүргізу; конкурстар мен олимпиада ұйымдастыру. Функционалдық мүмкіндіктері Тестілеу жүйесі тек бір ғана компьютер-сервер арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе орнатылған компьютерлер арқылы және жергілікті желі немесе интернет арқылы жұмыс жасайды. Бұл жүйе Интернет серверінен оңай орнатылады. Күтілетін нәтиже -  тестілеу жүйесі арқылы оқушылардың оқуда жақсы нәтижеге жетсем деген қызығушылығын арттыру; әр пән бойынша оқушының білім сапасын арттыру; нақты шешім қабылдауға үйрету және ой-өрісін дамыту.

  1. Оқушылардың бойынша сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар сіңіріп, ЖОҒАРЫ нәтижелерге қол жеткізу.

Сондықтан біздің айқын мақсатымыз жарқын болашаққа жетелейтініне  сенімдіміз.

№264 мектеп- лицейінде оқушылардың сапалы білім алуы үшін жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар, жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілген кітапхана, оқу залы, coworking орталығы, робототехника кабинеті, Stem кабинеті, тестілеу орталығы, қосымша білім беру орталығы, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын инклюзивті орталық,  акт залы, шеберханалар, үйірме кабинеттері, гимнастика, спорт залдары, арнайы жабдықталған жүзу бассейні, оқушылардың денсаулығын жүйелі бақылауға алып отыратын медициналық, процедуралық, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ететін 448 орындық асхана жұмыс жасайды.

№264 мектеп-лицейінде оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Уақыт талабына сай қазіргі күні жаратылыстану- математика бағытына айрықша көңіл бөлініп келеді. №264 мектеп-лицейде жаратылыстану пәндері тереңдетіліп оқытылады.

№ 264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығы  2011 оқу жылынан  бастап жұмыс жасап келеді.  Орталықта барлығы 12 педагог  бар.  Меңгеруші,  әдіскер,  костюмер және 9 педагог кадрлар.  Қазіргі таңда оқушылардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында  5 үйірме  3 бағытта, көркемөнерлік-эстетикалық (домбыра, хор, би), қолданбалы өнер (сурет), спорттық  (күрес) бағыттарында жұмыс істейді.

Конец формы

Сонымен қатар, инклюзивті тәжірибені дамыту және тәжірибе алмасу облыстық ресурстық орталығы жұмыс жасайды.  Қызылорда қалалық білім бөлімінің 2014 жылдың 18 тамызындағы №149 бұйрығы, «№264 мектеп- лицей»  КММ директорының 2014  жылғы 29 тамыздағы №547 бұйрығын басшылыққа ала отырып инклюзивті кіріктірілген сыныптар №264 мектеп- лицейінде 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ашылды.

2020-2022 жылдарға арналған өңірлік «Жол картасына» сәйкес арнайы кабинеттер жабдықталды. Қазіргі таңда 7 арнайы жасақталған кабинет жұмыс жасайды. Арнайы мамандар түзете-дамыту сабақтарын арнайы жабдықталған психолог, логопед, дефектолог, сенсорлық бөлме, емдік дене шынықтыру бөлмелерінде бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізеді.