Құрметті ата - аналар!
2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығында 2024 - 2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
Мектепке құжаттар egov.kz веб - порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата - ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.
ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
*Ата - аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
*Баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы
*3х4 баланың цифрлы фотосуреті (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен
*№065/у «профилактикалық егу картасы» нысанындағы медициналық анықтамалар
*№052 - 2/у «бала денсаулығының паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар
Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар мектепке тапсырылу қажет. Сондай - ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата - анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма күндері 09:00 - 17:00, түскі үзіліс 13:00 - 14:00
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің 2024 - 2025 оку жылына
1 - сыныпқа қабылдау туралы
ҚР - ның Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата - аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылды.
2024 - 2025 оку жылында бірінші сыныпқа www.egov.kz порталы арқылы 402 оқушы қабылданды,15 сыныпқа бөлінді.