Бүгін Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені "тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1,11 - сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Мұхамедияров Әділхан Мерекеұлы, жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Манатов Мұхитбек Мейрамбекұлы және мектеп - лицей басшысы Бек Сұлтанбекұлы Тумурзаев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады.Мерекелік шарада мектебіміздің Қосымша білім беру орталығының Ән, би үйірме мүшелері өнер көрсетті. Жиын соңында 1 - сыныпқа келкен кішкентай бүлдіршіндер 11 - сынып аға - әпкелерінің қолдауымен алғашқы қоңырау соғып, мектеп алаңын сыңғыр үнге бөледі.
Жиын ары қарай 1 - сынып оқушыларының тәрбие сағатына ұласты. Сынып жетекшілер жаңа оқу жылына табыс тілеп, мектеп табалдырығын жаңа аттағалы тұрған 1 - сынып оқушыларына әліппе табыстады.