Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұл күн – барша адамзат үшін ерекше мағынаға ие. Себебі балалар – біздің ең асыл қазынамыз, болашағымыздың жарқын бейнесі, ұлттың үміті мен сенімі. Балалардың бақытты өмір сүруі – әрбір ата-ананың арманы ғана емес, тұтас қоғамның басты міндеті.

Қымбатты оқушылар! Көзіміздің нұры, көңіліміздің шаттығы, өміріміздің мәні мен сәні. Армандарыңыз асқақ, әр күндеріңіз бақыт пен шаттыққа толы болсын.

Алдағы демалыс күндері сергектік пен шабыт сыйлап, жаңа оқу жылына тың күшпен оралуға себеп болсын. Күндеріңіз шаттыққа толы, көңілдеріңіз көтеріңкі болғай!

Құрметті ата-аналар мен әріптестер! Сіздерге бала тәрбиесі жолындағы өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

Балалардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуы – ең алдымен отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі.

Осы мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, бақыт пен шаттық тілеймін!
Балаларымыз аман, күлкісі әрқашан жарқын болсын!