Көктем - мейірім мен шуақтың, жайдары көңіл - күйдің мезгілі. Көктемнің алғашқы күнінен - ақ мереке басталып, барша халыққа ерекше сезім сыйлайды.
28 ақпан күні Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде «1 наурыз - Алғыс айту» күні аталып өтті. 6 "О" сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Рамберді Сандуғаш кіші қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, сыйлықтарын табыстады.
«Алғыс анаға, алғыс әкеге, алғыс жас пен кәріге, алғыс бауырға, алғыс ауылға, алғыс елдің бәріне!» ұранымен өткен тәрбие сағаттары өте мазмұнды,мағыналы болды.