25 қазан – 1 қараша аралығында Алматы қаласында өткен "VI Республикалық Қазақстан Мұғалімдері спартакиадасында" Сыр елінің ұстаздары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді!
Спартакиада аясындағы тоғызқұмалақ жарысында Қызылорда облысының командасыда
І-орыннан көрініп, жеңіс тұғырынан орын алды.
Жүлдегер команданың жетекші құрамында Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қайрақбайұлы Нұрсұлтан болды.
Сонымен қатар Қайрақбайұлы Нұрсұлтан тоғызқұмалақ жарысында төрешілік еткені үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қайрақбайұлы Нұрсұлтанды және Сыр елінің спортшы ұстаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Спорттағы табыстарыңыз жалғаса берсін!