Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - дейді қазақ. Иә, жоқ - жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу - халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Осы орайда, Наурызнама бағдарламасы бойынша 15 наурыз - Қайырымдылық күніне орай, Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінде қайырымдылық күні жасалды. Наурыз айының басталуымен бірге мектепте түрлі іс - шаралар ұйымдастырылып, қайырымдылық жәшігі де орнатылған болатын. Қайырымдылыққа мектеп оқушылары, ата - аналар, мектеп ұжымы - барлығы өз үлестерін қосты.
Атап айтсақ, сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі жасалды, 5 отбасыға киім - кешек, азық түлікпен қамтамасыз етілсе, 2 отбасына ақшалай көмек табысталды. Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен ақша баласы ауыр науқаспен ауырып жатқан отбасына аударылды.
Қашан да әлсізге көмек беріп, науқастың қабағына қарайтын қазақ халқының бұл қасиеті - болашақ ұрпағымызға үлгі