Бұл күн – күлкісі әлемді нұрландыратын балауса балғындарға арналған ең шуақты, ең жүрекжарды мейрам. Балалар – жүрегіміздің жылуы, болашағымыздың кепілі, ұрпақ сабақтастығының алтын арқауы. Олардың алаңсыз өмір сүруі, еркін ойнап-күлуі – баршамыздың ортақ парызымыз.
Құрметті оқушылар!
Сендер – еліміздің ертеңі, ата-ананың үміті, ұстаздардың мақтанышысыңдар! Жазғы демалыс сендерге шаттық пен сергектік сыйлап, жаңа оқу жылына тың жігермен, көтеріңкі көңілмен келулеріңе себепкер болсын!
Құрметті ата-аналар мен әріптестер!
Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін игілікті іс. Ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Осы мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен тыныштық, бірлік пен бақ-береке тілейміз!
Балаларымыз аман болсын, күлкілері күндей жарқырай берсін!