Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ӨНДІРІС ОРНЫМЕН ТАНЫСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – жастарды еңбекке баулу, техникалық және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, сондай-ақ өндіріс саласына қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған.

Осыған орай Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары аймақтағы ірі өндіріс орындарына экскурсия жасады.

«Қызылорда Саз–М» ЖШС кірпіш өндірісінің жұмыс барысымен таныстырды. Мұнда оқушылар шикізатты дайындау, қалыптау және күйдіру үдерісін өз көздерімен көріп, құрылыс материалдарының сапасын арттыру жолдары туралы мағлұмат алды.

Сондай-ақ оқушылар «Dalatex» ЖШС-на барып, киім мен аксессуарлардың басқа топтамаларға енгізілмеген түрлі үлгілерінің өндіріс процесін бақылады. Заманауи тігін жабдықтарымен және жұмысшылардың шеберлігімен танысып, еңбек мәдениетінің маңызын ұғынды.

Бағдарлама аясында оқушылар «Абзал и К» компаниясының қызметімен де танысып, күріш өнімдерін өңдеу, қаптау және экспортқа дайындау кезеңдерін көрді.

Мұндай таныстыру шаралары жас ұрпақтың кәсіптік бағдарын айқындауға, еңбек адамына құрмет сезімін арттыруға ықпал етеді.