2026 жылғы 30–31 қаңтар аралығында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түнгі уақытта заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында «Қауіпсіз аймақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүру жағдайлары, қоғамдық орындардағы тәртіп, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері назарға алынды. Анықталған деректер бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптары ескертілді.