Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 5 мамыр күні кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Б. Жұбатов қатысып, білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.