23.04.2025 күні Т.Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне» орай, "Шекарасыз кітапхана: бүгін біз бірге оқимыз" атты кітап оқу күні ұйымдастырылды.
Акция барысында барлық сыныпта бір мезгілде, яғни үлкен қоңырауда бүкіл сынып оқушыларымен кітап оқу шарасы өткізілді.
Облыс көлемінде ұйымдастырылған бұл шарада қазақ әдебиетінің классик жазушылары мен жергілікті ақын - жазушылардың шығармалары оқылып, жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.