Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде Республика күні ұлттық мерекесі мен мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.
Осы мереке аясында 8-сыныптар арасында «Republic Day» отан туралы сүйікті шығармаларын орындау челленджі өтті. Шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті өлеңдері мен туындыларын жатқа айтып, бейнежазбаларын әлеуметтік желіде жариялады.
Бұл челлендж оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын көтеруге, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Іс-шараны тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен 8-сынып жетекшілері ұйымдастырды.