Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25 қазан  Республика күніне арналған облыстық шахмат жарысы Қызылорда қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің қолдауымен Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 25 қазан  Республика күні мерекесіне орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық шахмат жарысы өткізілді. 

Жарысқа қалаға қарасты мектептер мен ауылдар, сондай-ақ аудандардан келген 50-ге жуық оқушы командалық есепте өзара бақ сынасты.

Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің командасы құрамында:
– Айдарбек Нұрдос, 8 «Г» сыныбы;
– Алпысбай Кәусар, 8 «Е» сыныбы;
– Айгалиұлы Арсен, 4 «Е» сыныбы;
– Мәулен Жанерке, 4 «Г» сыныбы.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі;
Orda School жеке мектебі;
Ә. Жәмішов атындағы №129 мектеп;
Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар Қызылорда қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі тарапынан диплом және медальдармен марапатталды.

Сынып жетекшілері: Бимаханова Жарқынай мен Жанаева Рая апайларға зор алғыс білдіреміз!