Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

264 мектеп-лицейінің жылыжайы: өсіру мен тәжірибе ортасы

Жылыжай - жылу сүйетін көкөністер мен жидектерді, гүлдер мен түрлі өсімдіктерді жыл бойы өсіруге мүмкіндік беретін, арнайы қорғалған әрі жылытылатын құрылым.

Біздің мектебіміздегі жылыжай – оқушылардың тәжірибелік білім алатын зертханасы, еңбекті құрметтеуді үйрететін ерекше ортасы.

Жылыжай ішінде оқушылар биология пәнінен практикалық жұмыстар, бақылаулар мен зертханалық тәжірибелер жүргізеді.

Оқушылар өсімдіктерді күтіп-баптауды, көкөніс өсірудің технологиясын меңгереді, зерттеу қабілеттері дамиды.

Мектеп директоры Алмат Бақытбекұлы жылыжайды дамыту бағытында:
-топырақты толық ауыстыру;
-жылыту жүйесін күшейту;
-оқушылардың зерттеу жұмыстарын кеңейту;
-жаңа сорттарды көбейту мәселелерін көтерді.

Қазіргі таңда жылыжайда қиярдың Хойрат F1 және Пасамонте сорттары өсіріліп, олардың өсу қарқыны мен өнімділігі салыстырылуда.

Жылыжай жұмысының дамуына жауапты биология пәні мұғалімдері – Гүлбану Ашимова, Ақмарал Сақабаева, Сая Дүйсенбекова – өз міндеттерін зор жауапкершілікпен атқаруда.

Экологиялық таза, дәмді өнімдер мектеп ұжымының да үлкен сұранысына ие.

Еңбектің берекесі – бірлік пен ізденісте!