«Абайдың асыл мұралары» кітап оқу клубы
Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 20 қараша күні 3-сыныптар арасында Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай «Абайдың асыл мұралары» атты кітап оқу клубы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушы Абай Құнанбаевтың рухына тағзым ету, оның қазақ әдебиеті, мәдениеті және философиясының дамуына қосқан үлесін ашу, жас ұрпақты ұлттық рухани құндылықтар мен тарихты қастерлеуге тәрбиелеуге ықпал ету.
Кітап оқу клубы барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, өлеңдері мен қара сөздеріне топтық талдау, талқылау жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар Абайдың табиғат лирикасына арналған «Күз», «Қыс», «Жаз» өлеңдерін, сондай-ақ тәрбиелік мәні зор «Ғылым таппай мақтанба» туындысын талдап, оның ұрпаққа қалдырған өнегелі мұрасын жан-жақты дәріптеді.
Сонымен қатар Абайдың жетінші және он жетінші қара сөздеріне талдау жасалып, олардың негізгі мақсаты мен тәрбиелік мәні жайлы оқушыларға түсіндірілді. Клуб жұмысының соңында оқушылар Абайдың сазгерлік өнерімен танысып, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.
Ұйымдастырушылар:
Саденова Нұржанар,
Аманжол Арайлым.