“Абайлаңдар балалар!”
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Бүгін Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 1 “З”сынып оқушыларымен “Жолда жүру ережесін білейік,аман-есен жүрейік!”тақырыбында тәрбие сағаты өтті.Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру,іс-жүзінде асыра білуге үйрету.
Оқушыларды сақ болуға,көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу
Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Сабақ барысында балалар жаяу жүргіншілерге арналған белгімен танысып, бағдаршамның түстері мен олардың мәнін,жолда жүру тәртібі туралы қайталады.Жолда жүру ережесіне байланысты түрлі тапсырмалар орындады.
Іс-шарамызға қаламыздың полиция лейтенанты Әскерұлы Бағдаулет қатысып,балаларға түсіндірме жұмысын жүргізді.