Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 2026 жылғы 28 қаңтарда 9-сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында мультфильм дайындау сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам және бала құқықтарын қорғау, заң бұзушылықтың алдын алу, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету болды.
Сайыс барысында оқушылар топпен жұмыс істеп, заң және тәртіп мазмұнындағы қысқа мультфильмдер дайындап, қорғады. Сонымен қатар, буллингке қарсы іс-қимыл және жеке қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
Іс-шара құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және азаматтық қағидаларды насихаттауға бағытталды.