Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Адалдық – басты құндылық
17 наурыз 2026 жылы 5 «Л» сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның қоғам дамуына кері әсері және алдын алу жолдары жүйелі түрде түсіндірілді. Сұрақ-жауап және пікірталас арқылы оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, берілген тақырып аясында ой бөлісті. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, ситуациялық тапсырмалар орындалды.
Тәрбие сағатының мазмұны оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаттарын нығайтуға, Отанға деген жауапкершілік пен құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
 Жауапты мұғалім: Жүніс Ұлдана Мұратайқызы