Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 Адалдыққа бастар жол – бүгіннен басталады

Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 6 “Ж” сыныбында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бүгіннен басталады» тақырыбында тәрбиелік сағат өтті. Сабақтың негізгі мақсаты – жасөспірімдерге адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын дарыту және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар:
сыбайлас жемқорлықтың мәнін, түрлерін және оның салдарын талдады;
жағдаяттық тапсырмалар арқылы дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратуды үйренді;
пікірталас пен топтық жұмыс арқылы заңға бағынудың, әділ болудың маңызын түсінді.
Сабақ соңында оқушылар «Жас антикор кодексін» әзірлеп, адалдықты сақтауға қатысты өз ұстанымдарын белгіледі.
Бұл тәрбие сағаты – оқушыларды қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге, әділ әрі адал азамат болып қалыптасуға бағыттайтын маңызды қадам.