«Кітап оқитын ұлт: Оқу сауаттылығы, ЖИ және мұғалім шеберлігі» онкүндігі #bilimkzo #264qмектеп_лицейі Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 08.10.2026ж.күні 5-сынып оқушылары арасында Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бойынша «Бір әңгіме-екі тағдыр-бір сабақ» зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты: «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әдеби талдау дағдыларын жетілдіру, әдеби пайым, дүниетанымы мен көзқарастарын кеңейту. Әңгіме мазмұнын негізге ала отырып, түрлі жағдаяттарға байланысты нұсқаулық жасауды меңгерту, шығарма кейіпкерлерінің басынан өткендерімен байланыстыру. 18 оқушы әңгіме мазмұнына қарай «Үсеннің ізбасарлары», «Асанның ақылшылары», «Өмірлік сабақ», «Алтын көпір», «Аман қалу мектебі», «Ыбырай ұлағаты» топтарына бірікті. Сабақты Г.Ж.Байдилдаева, Г.Жаңабаева, М.Тілеубергенова, Б.Амангелдиева ұйымдастырды. Сайыс 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Зейін зергері» — Сұрақтарға мұқият әрі дәл жауап беретіндерді анықтайтын сәт.2- кезең «Өмірлік нұсқау» кезеңі — Күнделікті өмірде немесе нақты жұмыста қолдануға болатын ең тиімді кеңестер кезеңі. Алғашқы кезеңде оқушылар «Вaamboozle» платформасымен жасалған 3 деңгейлік сұрақтарға жауап беріп, ой ұшқырлықтары мен білімдерін көрсетті. Екінші кезеңде «Адасқан кезде аман қалу» нұсқаулығы, «Қиындық туғанда үрейді (паниканы) жеңу» нұсқаулығы, «Нағыз байлықты қалыптастыру: Тәрбие мен Еңбек ережесі» тақырыптарына әңгіме желісі бойынша нұсқаулық жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қызықты, тартысты зияткерлік сайыстың нәтижесі төмендегідей болды: 1-орын –« Асанның ақылшылары» тобы 2-орын – «Үсеннің ізбасарлары» тобы 2-орын – «Ыбырай ұлағаты» тобы 3-орын – «Алтын көпір» тобы 3-орын – «Аман қалу мектебі» тобы 3-орын – «Өмірлік сабақ» тобы Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!