«Әр бала - бір жұлдыз» деген әдемі қанатты сөз бар. Сол баланың шырағына от беріп, жұлдызын жағатын адам - ұстаз.
Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінің ұстаздары дәл осы сипаттамаға сай жандар.
Бүгін білім ордамызда республикалық ғылыми жобалар бойынша республикалық кезеңнен жеңімпаз болған оқушыларымызды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Жеңімпаздарды мектеп басшысы
Бек Сұлтанбекұлы құттықтап, мектеп мерейін асырған оқушыларымыздың болашағына жарқын жеңіс пен сәттіліктер тіледі. Бұл күн мектеп тарихындағы елеулі оқиға екенін атап өтті.
Шәкірт тәрбиелеуде білім мен тәрбиені, өнер мен шабытты қатар ұстап, баланың бар қырын аша білетін білім ошағында бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн болды! Алар асуларымыз бен жетер жетістігіміз жалғасын таба берсін!