Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Есетов атындағы 264 мектеп-лицейінде 4-сыныптар арасында "Ақылды ізденуші" атты білім сайысы болып өтті.
Сайыс ұйымдастырушылары: Назарова А, Ақышева Н, Шөменова А.
Білім сайысының негізгі мақсаты: оқушылардың ақпарат іздеу, сұрақ қою және талдау дағдыларын дамыту. ChatGPT және ЖИ мен жұмыс істеп, берілген бір тақырыпқа мәлімет жинап, оны зерттеп, презентация қорғау.
Бағыты: Жаратылыстану, еркін тақырып таңдайды (жан-жануарлар, ауа райы т.с.с)
Сайыс құрылымы:
Сайыс 1 кезеңнен тұрады.
1. кезең: “Тақырыпты қорғау”
Шарты:
Әр оқушы (немесе топ) алдын ала таңдаған белгілі бір тақырып бойынша қысқаша зерттеу жұмысын таныстырып, қорғайды.
Оқушылар алған білімдерін ортаға салып, сайысқа жоғары белсенділікпен қатысты.
Әділ қазылардың әділ шешімімен оқушылар лайықты орындарға ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Атап айтар болсақ,
4 "З" сынып оқушысы Толыбай Зенеп- Бас жүлде
4 "Ж" сынып оқушысы Бұрхан Әділ - І орын
4 "А" сынып оқушысы Кенжебай Лайла - І орын
4 "С" Сабенова Айзере - ІІ орын
4 "И" Кенжәлі Айша - ІІ орын
4 "П" Аманбай Аймен- ІІ орын
4 "Г" Егізбай Еркежан - ІІІ орын
4 "Л" Жұбаназар Жасмин- ІІІ орын
4 "М" Рүстембек Әділет- ІІІ орын.
Қалған оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.