Көктем - жылулық пен жаңарудың, мейірім мен қамқорлықтың белгісі. Тіршілікке жан бітіретін осы мезгілде ерекеше мереке «Алғыс айту күнін» барша халық көтеріңкі көңілмен, жақсы тілекпен тойлайды.
28 ақпан күні Т. Есетов атындағы
#264 мектеп-лицейінде «1 наурыз - Алғыс айту» күні аталып өтті.
Бұл күні оқушылар сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне, ата - анасына, кіші қызметкерлерге, достарына алғысын айтып, ізгі тілектерін тіледі.
«Алғыс анаға, алғыс әкеге, алғыс жас пен кәріге, алғыс бауырға, алғыс ауылға, алғыс елдің бәріне!» ұранымен өткен тәрбие сағаттары өте мазмұнды, мағыналы болды.