Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін мейірім мен сыйластық, қуаныш пен ізгілікке толы әдемі мереке « 1 наурыз - Алғыс айту күні» тойланады.
28 ақпан күні Т. Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде «1 наурыз - Алғыс айту» күні аталып өтті.
Бұл күні оқушылар сынып жетекшіге, пән мұғалімдеріне, ата - анасына, кіші қызметкерлерге, достарына алғысын айтып, ізгі тілектерін тіледі.
6 «Р» сыныбы, сынып жетекшісі Қазиев Айсұлтан.
«Алғыс анаға, алғыс әкеге, алғыс жас пен кәріге, алғыс бауырға, алғыс ауылға, алғыс елдің бәріне!» ұранымен өткен тәрбие сағаттары өте мазмұнды,мағыналы болды.