ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
22-қараша күні өткен Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің 5–6 сынып оқушылары тамаша нәтиже көрсетіп, биік белестерді бағындырды.
Олимпиаданың мақсаты:
- математика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
- дарынды балаларды анықтау;
- логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. Бірнеше кезеңнен тұратын сайыста оқушыларымыз өз білімін дәлелдеп, үздік атанды.
ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР:
5-сынып:
1 орын – Қази Әли
Пән мұғалімі: Ахметов Бегалы
1 орын – Сәбен Ибраһим
Пән мұғалімі: Жүніс Ұлдана
2 орын – Асылбекұлы Абдуллаһ
Пән мұғалімі: Ахметова Гүлвира
6-сынып:
1 орын – Болат Адият
Пән мұғалімі: Қойшыбекова Гүлжан
Алғыс хат – Әмірбекұлы Әсет
Пән мұғалімі: Батенова Қалдыгүл
Жетістіктеріңіз құтты болсын!
Білімге деген талпыныстарыңыз артып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер. Оқушыларды жеңіске жетелеген ұстаздарға алғыс айтамыз.
Облыстық кезеңге сәттілік, жаңа жеңістерге жете беріңіздер!
