Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тәкей Есетов атындағы N264 мектеп-лицей базасында 12 қыркүйек күні 2024 жылы 1-ші сыныпқа қабылданған оқушылардың сынып жетекшілері мен “Алтын ұя” балабақшасының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерімен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында интеллектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Кездесу барысында бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің оқу процесін ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері көтерілді. Мектепалды даярлық мектеп кезіндегі білім берудің сапасын қамтамасыз ететін негізгі қадам. Сондықтан да, мектепалды даярлық пен мектеп арасында сабақтастық болуы тиіс. Сабақтастық дегеніміз — екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Яғни сабақтастықтың түпкі мақсаты- баланы жүйелі, сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға сәтті өтуін ұйымдастыру.