Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Анаға деген құрмет – әдебиет арқылы қалыптаса ма, әлде отбасында ма?» тақырыбында ана туралы көркем шығармаларды талқылауға арналған пікірсайыс өткізілді.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С.Ахметов пен Г.Нұрмаханова ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, сондай-ақ өмірлік құндылықтарды саралай білуге баулу. Пікірталас барысында оқушылар көркем шығармалардағы ана бейнесін талдап, өз ойларын дәлелдер арқылы жеткізіп, әдебиетті өмірмен байланыстыра білді.
Шараға мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Дүйсебекова мен бірлестік жетекшісі М.Мұратаева қатысып, оқушылардың пікірлеріне қолдау білдіріп, шығармаларды өмірмен байланыстыра отырып мазмұнды ой бөлісті.
Пікірсайыс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, оқушылар анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік ең алдымен отбасында қалыптасып, көркем әдебиет арқылы тереңдей түсетіні жөнінде тұжырым жасады.