💢1 қазан күні Т. Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде Кәсіподақ ұйымының құрылғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп жатқан апталық аясында Қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің бірлескен ардагер ұстаздарды құттықтауы ұйымдастырылды.
💢Құттықтау кешке Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Байымбетов бастаған ардагерлер мен мектеп ардагерлері шақырылды.
Кездесуде Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Балмаханова, Инклюзивті білім беру ресурстық орталықтың жетекшісі С.Кумекбаева мен орталық мамандары, мектеп әкімшілігінен А.Давлетова, Г.Жәнібекова және қосымша білім беру орталығының жетекшісі М.Рахметова мен қосымша өнерпаздары қатысты.
Құттықтау салтанатында ардагер ұстаздар Кәсіподақ ұйымының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұйым мүшелеріне ізгі тілектерін білдірді.