28 - 29 қаңтар күндері Т. Есетов атындағы
#264 мектеп - лицейінде АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өткізілді.
Ашық есік күні - оқушылардың ата - аналарын жұмыс режимімен, мектептің оқу және тәрбие қызметімен таныстырудың тамаша мүмкіндігі.
Ашық есік күні білім беру сапасын және білім беру процесіне барлық негізгі қатысушылардың өзара қарым - қатынастарына қанағаттану дәрежесін арттыру мақсатында мектепте өткізілді.
Бұл күндері ата - аналар сабақ процесіне қатысып, тәрбие жұмысымен танысты. Балалардың сабаққа қатысуын бақылап, мектеп тынысын сезінді.
Жыл сайын өтетін ашық есік күніне ата - аналар ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.