4 қаңтар күні Т. Есетов атындағы
№ 264 мектеп - лицейінің 9 - сынып ата - аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Жалпы биылғы оқу жылында 9 - сыныптар саны - 14, оқушы саны - 356.
Жыл бойы мектеп әкімшілігі тарапынан оқушыларға мамандық таңдау, бағыт - бағдар беру аясында біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Ашық есік күні ата - аналардың сабаққа қатысуымен басталып, пән мұғалімдерімен пікірлесуіне ұласты.
Жиналыс шымылдығы бала тәрбиесіне қатысты мектеп мұғалімдері сахналаған қойылыммен ашылды. Одан соң мектеп - лицей директоры Б.С.Тумурзаевтың «Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс» қағидаты. «Жұмысшы - мерейлі мамандық» тақырыбындағы алғы сөзімен жиналыс өткізілді. Жиналыста оқушы қабілеті мен бейімділігіне қарай кәсіби бағдар беру жүмыстары туралы мектеп - лицей директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Г.Жәнібекованың, мектеп - лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Дуйсебекованың есебі берілді.
Жиналысқа қаламыздағы оқу орындарынан арнайы шақырылған мамандар сөз алып, таныстырылым жасады.
«Болашақ» жоғары медициналық колледждің бөлім меңгерушісі Рамазанов Олжас Ермухамедович, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледждің маманы Махамбетәлиева Роза Әбілғақызы,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі оқытушысы Молдабаева Назира Асылбековналар қатысып, үгіт - насихат жүргізді. Оқу орындарындағы мамандықтар туралы толық мәлімет беріліп, баланың бейініне қарай таңдауға мол мүмкіндік көрсетілді.
Бүгінгі күн ата - аналар мен оқушылар үшін болашаққа жасалған бір қадам болды.