Бүгін 20.01.2025 жылы география пәнінің мұғалімі Нурмаханова Шолпан Махмутовна
7 «Ж» сынып оқушыларына география пәнінен ашық сабақ өткізді.
Бұл - «ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ» пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында өтіп жатқан ашық сабақтардың бірі.
«Қазақстанның топырақ түрлері» деген тақырыпта өткен ашық сабағына мектеп мұғалімдері қатысып, сабақта қолданылып жатқан әр түрлі әдіс-тәсілдерге, оқыту барысына көңіл аударып, бақылап отырды.
Сонымен қатар биология пәні мұғалімі Жұмалиева Салтанат Ізетуллақызы
6 "И" сыныбына "Жасуша әлеміне саяхат" тақырыбына ашық сабақ өтті.
Биология пәні мұғалімі Мәденова Арайлым 6 "Д" сыныбына "Жасуша әлеміне саяхат" тақырыбында, химия пәні мұғалімі Мыңбаева Гүлжайна 8"А" сыныбына "Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы" тақырыбында, химия пәні мұғалімі Иманбай Манат 7 "А" сыныбына "Табиғи қышқылдар мен сілтілер. Индикаторлар" тақырыбына ашық сабақтар өтті.
Мұғалімдердің сабақтары жоғары деңгейде жақсы өтті.Оқушылар да сабақ барысында белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырды. Жалпы бұл ашық сабақтар педагогтер арасында тәжірибе алмасу үшін өте пайдалы. Сырттай бақылаушы болып, сабақ өткізудің қыры мен сырына тағы бір үңілуге көмек береді. Ашық сабақтан кейін мұғалімдер сабаққа талдау жасап, «Сабақ мақсатына жетті ме?», «Мұғалімнің шеберлігі қаншалықты көрініс берді?», «Оқушылардан алынған кері байланыс», «Уақыт қаншалықты тиімді пайдаланды?», «Қолданылған әдіс-тәсілдердің пайдасы болды ма?» деген көптеген сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Ашық сабаққа қатысқан мұғалімдер тарапынан жақсы пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді.