Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 27 қараша 2025 жылы мектебімізде 3-сыныптар арасында математика пәнінен "Бастау" олимпиадасы негізінде ұйымдастырылған мектепішілік сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты - 3-сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады. 
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең- "Әу, баста!" (командалық сынақ)
2 кезең- "Асық" (командалық сынақ)
3 кезең- "Математикалық бәйге" (жеке сынақ)
І және ІІ кезеңдер бойынша оқушылар 4 топқа бірігіп, логикалық есептер мен құрама есептер шығарды. Ал ІІІ кезең 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлім: "Тест"
2-бөлім: "Лездеме сұрақтар"
Бұл кезеңде оқушылар өткен тақырыптары бойынша тест сұрақтары мен bamboozle.com  платформасы арқылы логикалық сұрақтарға жауап берді. 
Сайыс қорытындысы бойынша 
"Бас жүлде" 3 "П" сынып Айтбай Расул
1 орын - 3 "Ә" сынып Оразбай Әліби
1 орын - 3 "Д" сынып Қожан Парасат
2 орын - 3 "Л" сынып Айбекқызы Малика
2 орын - 3 "З" сынып Төлеген Саян
2 орын - 3 "Г" сынып Рүстем Ғайнижамал
3 орын - 3 "Б" сынып Елтай Айзат
3 орын - 3 "В" сынып Мұратбек Амина
3 орын - 3 "О" сынып Әбілбек Мерей
3 орын - 3 "Р" сынып Ташимов Амир
Ұйымдастырушы: Айтбай Динара