Құттықтаймыз!
Бүгін қала мектептері арасында өткен «Abai Talks» жобасы аясында ұйымдастырылған «Mindful Living in a Digital Age» тақырыбындағы қалалық TED-x форматындағы сайыста әріптесіміз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жәнібекқызы Сандуғаш жоғары нәтиже көрсетіп, ГРАН-ПРИ жүлдесіне ие болды.
Байқау барысында қатысушының тақырыпты терең мазмұнда ашуы, Абай философиясын заманауи тұрғыда ұсынуы және идеяны өмірмен үйлесімді байланыстыра білуі әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер мен толағай табыстар тілейміз!
