Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушыларымен бірге Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Б. Жубатов және Секербек Бекнұр Нұрқанатұлының қатысуымен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге 11-сынып оқушылары және олардың сынып жетекшілері қатысты.
Шара барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, түнгі мезгілде заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, тыйым салынған заттарды алып жүрмеу, топтасып бейберекет жүрмеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда өз қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын саналы тұлға қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Осындай тағылымды шаралар оқушылардың жауапкершілік сезімін арттырып, мектепте қауіпсіз орта қалыптастыруға зор үлес қосады.