Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін мектеп - лицей оқушыларына кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің есірткі және психотропты заттарды тасымалдау, тұтынудың алдын алу профилактикалық - түсіндірме жұмыстарына арналған жиналыс болып өтті. Жиынға Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ полиция лейтенанты Б. Жұбатов, 264 мектеп - лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Дуйсебекова мен Г.Киымов және 7 - 11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты.

«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздікті сақтау әр адамның өз қолында» екенін атап өтті Қызылорда ҚПБ ЖПҚб ЮПб аға учаскелік полиция инспеторы полиция подполковнигі С.Жүсіпбеков.

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез - құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Сондықтан қай кезде де бала қауіпсіздігін сақтау әрбір ата - ананың міндеті болып қала бермек.