Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т. Есетов атындағы #264 мектеп - лицейдің 10 "И" сыныбында ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Бабаларым - аңсаған тәуелсіздік" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға тәуелсіздіктің маңыздылығын түсіндіру, еліміздің жетістіктерін насихаттау арқылы патриоттық сезім қалыптастыру. Оқушылар тәуелсіздік туралы жыр шумақтарымен сабақты бастап, ТӘУЕЛСІЗДІК сөзінің мағынасын ашты. Сынып оқушылары 3 топқа біріктіріліп, елімізді әлемге танытып жүрген спортшылар мен өнерпаздар және білімділер жайлы тапсырма берілді. Тәуелсіздік тарихына шолу жасала отырып, топ оқушыларына ұяшықтар арқылы тарих, салт - дәстүр, тарихи тұлғалар туралы сұрақтар қойылды. Қорытынды кезеңде мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Қиымов оң пікірін білдіріп, оқушыларға ризашылығын айтты. Сабақ соңында «Көк тудың желбірегені» әні хормен орындалды.