Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығында логопед мамандарының ұйымдастырылуымен ата-аналарға "Бала дамуындағы қазіргі мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты:
– Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу тілі, ойлау, зейін, қабылдау үдерісіндегі өзекті қиындықтарды анықтау;
– Кешенді қолдау көрсетудің тиімді жолдарын талқылау;
– Ата-аналар арасында тәжірибе алмасу.
Шара барысында логопедтер баланың тіл дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талқылап, түзете-дамыту жұмыстарының тәсілдерімен бөлісті.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
▪ Фонетикалық-фонематикалық кемшіліктер
▪ Байланыстырып сөйлеудің тежелуі
▪ Артикуляциялық аппараттың әлсіздігі
▪ Ата-анамен бірлескен жұмыстың маңыздылығы
Нәтижесі:
Дөңгелек үстел қатысушыларға үлкен тәжірибе алмасу алаңы болды. Баламен жұмыс барысында туындайтын нақты мәселелер мен оларды шешу жолдары сараланды.