Т. Есетов атындағы #264 мектеп-лицейінде 25 маусым күні "Жаз самалы" сауықтыру лагерінің "Байтерек" тобына "Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" - атты ұлттық ақпараттық шарасы аясында «буллингтен қорған» іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты: оқушылар арасында буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру, балаларға өз құқықтарын түсіндіру және өзін-өзі қорғау тәсілдерін үйрету.
Іс-шара барысында «Буллинг деген не?», «Оның түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, кибербуллинг), буллинг жағдайында не істеу керек?», «Қайда және кімге жүгіну керек?» деген сұиақтар талқыланды. Өзгелерге жанашыр болу мен құрдастар арасындағы сыйластық мәдениеті, балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың әсері және оны болдырмау жолдары туралы түсінік берілді.
Қорытындылай келе, іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортада қауіпсіздік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар белсенділік танытып, ашық пікір білдіріп, түрлі жағдайларда өзін-өзі қорғау бойынша пайдалы ақпарат алды.
#bilimkzo
#264мектеп_лицей
#біртұтастәрбие