№264 мектеп-лицейінің 2025 жылдың 09 қазан күні 5-6 сынып ата-аналарына арналған «Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» атты тренингін мектеп психологы Жақсыбаева Алмагүл өткізді.
Тренинг мақсаты:
- Ата-аналарды буллинг пен кибербуллинг ұғымымен таныстыру
- Белгілерін тануға үйрету
- Қолдау көрсету жолдарын көрсету
- Баламен дұрыс қарым-қатынас орнатуға бағыт беру.
Ата-аналармен «Менің атым-менің күнім» тренингімен танысу жүргізілді. Тренинг барысында ата-аналар жүрекшені бір-біріне беру арқылы өз есімін айтып, бүгінгі көңіл-күйін бір сөзбен сипаттады. Ата-аналар жақсы көңіл-күйде, жақын қарым-қатынаста болды. Әрі қарай ата-аналарға буллинг дегеніміз не?, ол қай жерде болуы мүмкін?, балаңыз сізге осындай жағдай туралы айтады ма? сұрақтары қойылды. Жауаптар арқылы ата-аналардың бастапқы түсінігі бағаланды. А.Ж.Жаксыбаева буллинг, кибербуллинг жөнінде ақпарат берді. Тренинг соңында 5-6 сынып ата-аналарымен «Балалар буллинг, кибербуллингтің құрбаны болғанда не істеу керек?» тақырыбында бірнеше жағдаяттар талқыланды. Тренинг соңында ата-аналар іс-шарадан алған әсерлерін жазып, суретке эмоцияларын бейнеледі.
Сонымен қатар, әлеуметтік педагог Абдуллаева Маруа «Өмірлік қиын жағдайда қалған оқушылармен (отбасымен) жүргізілетін жұмыстар» туралы түсіндірме жүргізді.
Жұмыс мақсаты: Өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушылардың (отбасының) әлеуметтену мәселелеріне тоқталып, оған заман талабына сай көмек көрсету. Оқушының (отбасының) құқығын қорғау, өмір сүру мүмкіндігіне, әлеуметтікортаға бейімделу жұмыстарын жандандыру.
Өмірде қиын жағдайға тап болуына қандай себептер болуы мүмкін? өмір жағдайының деңгейлері, өмірлік қиын жағдайға қалған оқушыларға (отбасыға) көмек көрсетудің кезеңдері, жұмыстың бағыттары туралы ақпарат беріліп, ата-аналар арасында талқыланды. Соңында «Жан жылуы» атты тренинг өткізіп, «Тілек шамы» арқылы қорытындыланды.