Т. Есетов атындағы
№264 мектеп - лицейінің 1 “З” сыныбында
20 ақпан күні С.Бегалиннің 130 жылдығына орай ұйымдастырылған “ Балалар әдебиетінің бәйтерегі “ атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға балалар жазушысы С.Бегалин жайында мағлұмат бере отырып, оның өлеңдері мен шығармашылығын таныстырып,оқушыларды адалдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушыларға С.Бегалиннің өмірбаяны мен еңбектері таныстырылды.
Сапарғали Бегалин сынды шежіре адамның өмірі қандай қызық болса , шығармашылығы да сондай қызық. Сондықтан сіздерге де кітаптарын оқуға кеңес береміз.