Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2026 жылғы 6 қараша күні Қызылорда қаласы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығында педагог-логопедтердің ұйымдастыруымен «Балалардың мәтінді түсіну және мазмұндау дағдыларын үй жағдайында дамыту» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың мәтінді тыңдау, түсіну, есте сақтау және мазмұндау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ата-аналарға үй жағдайында баланың сөйлеу тілін жетілдіру жолдарын көрсету.
Кездесу барысында логопедиялық жаттығулар мен танымдық ойындар ұйымдастырылып, балалардың байланыстырып сөйлеу, өз ойын жүйелі жеткізу және сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар ата-аналарға баланың тілдік дамуын қолдау бойынша пайдалы кеңестер беріліп, үй жағдайында орындалатын жаттығулар таныстырылды.
Бала тілінің дамуы – маман мен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Әрбір кішкентай жетістік – үлкен болашаққа бастар қадам!
Ұйымдастырушылар:
Тортбаева Ш.А.
Аймақова Г.Д.
Жақсылық І.Н.