Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ресурстық орталығының педагог-дефектологы Қирабай Гүлзат Сиезбайқызының ата-аналарға кеңесі
Баланы санауға үйретудің ең тиімді жолы – ҚИМЫЛМЕН ОЙНАТУ!
Құрметті ата-аналар!
Баланың санды түсінуі тек дәптерде жазып үйренумен шектелмейді. Керісінше, бала қимыл-қозғалыс, ойын, жан-жақты қабылдау арқылы санды тез әрі табиғи меңгереді.
«Секіре отырып санау»
Баладан шеңберлердің үстінен секірген сайын қатты дауыстап санауын сұраңыз.
Пайдасы: сандық қатарды жақсы есте сақтайды, назарын шоғырландырады.
«Түспен санайық»
Түсті төсеніштер немесе қағаздарды пайдаланыңыз.
Мысалы: «3 қызылға, 2 сарыға қадам бас»
Пайдасы: түс–сан байланысы қалыптасады, көру арқылы есте сақтау дамиды.
«Биікке шығып, төмен түсіп санайық»
Жұмсақ модульдерге немесе үйдегі жастыққа көтеріліп, әр қадамын санау.
Пайдасы: үлкен моторика дамиды, ритм сезімі қалыптасады.
«Қолмен де, аяқпен де санау»
Қолымен шапалақтап, аяқпен секіріп қатар айту – өте тиімді әдіс.
Пайдасы: екі жарты шардың жұмысы теңеседі → оқу, жазу, есте сақтау жақсарады.
Неге қимыл маңызды?
Өйткені қозғалыста:
ми жақсы жұмыс істейді
ақпарат тез есте қалады
бала тапсырманы қызығушылықпен орындайды
эмоциялық мотивация артады.
Үйде қолдануға жеңіл:
3–5 минуттық ойындар
шеңбер орнына жіп, қағаз
төсеніш орнына кілем
секіру орнына орын белгілері
Баланы санға үйретіңіз, бірақ ойын арқылы!
Ойын – баланың тілі, ал қимыл – дамудың негізі