Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығында қалалық деңгейде «Баланың сенсомоторлы жүйесінің дамуы - білім фундаментінің негізі» тақырыбында ата - аналарға арналған семинар - практикум өткізілді.
Мақсаты: баланың сенсорлық және моторлы жүйесін, қозғалыс дағдысын, дене мүшесін және кеңістікті бағдарлауын, көріп, естіп қабылдауын және сипап сезу қабілетін дамыту. Ата - аналарға сөйлеу тілінің қозғалыс арқылы дамытуға бағыт - бағдар беру.
Семинардың барысында 
1. Теория жүзінде: Физикалық белсенділік, сенсорлық интеграция, бейімделген дене тәрбиесі, сенсомоторлық және нейропсихологиялық түзету бойынша түсіндірілді.

2. Вильямс пен Шеленбергера пирамидасының бөліктері бойынша бұлшықеттер мен буындарды, тепе - теңдікті, терімен сезінуге арналған сенсорлық жүйені дамытуға арналған практикалық жаттығулар көрсетілді.

3. Вильямс пен Шеленбергера пирамидасының төменгі бөліктері есту, көру, сипап сезу, дәм сезу, иіскеу сезім мүшелері арқылы сенсорлық жүйені дамытуға арналған практикалық жаттығулар берілді.

4. Вильямс пен Шеленбергера пирамидасының ортаңғы бөліктері: қозғалысты жоспарлау, назарын шоғырландыру, денені бақылау, көзбен қолды үйлестіру, тәуелсіздік, кеңістікте бағдарлау арқылы танымдық қабілеттері мен перцептивті - моторлы дамуына арналған практикалық жұмыстар жүргізілді.

5. Практикалық жұмыстан кейін ата - аналармен бірге логоритмикалық жаттығулар орындалды.