Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Т.Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінің ресурстық орталығының педагог - логопед маманы Аймақова Гулназдың ата - аналарға үй жағдайында жасауға болатын
«Баланың сенсорлық және моторлық жүйесін дамыту»тақырыбында бірнеше әдіс - тәсілдердің түрлері ұсынылды.
Мақсаты: Оқушының үй жағдайында бұлшықеттер мен буындарға, тепе - теңдікке, терімен сезінуге арналған жаттығулар арқылы сенсорлық жүйені дамыту.
Бұлшықеттер мен буынға арналған тапсырмалар: үй жағдайында баланың қолын жоғары созып тік жатқызып бүкіл денесімен оңға , солға созылып, еркін аунау. 5 л баклажканың ішіне су толтырып,аузына жіпті байлап тарту, баклажканы кері итеру, екі қолына 2л баклажканы алып ары - бері жүру. Кедергілерден өту. Допты қолымен лақтыру,аяқпен тебу. Баспалдақпен мініп түсу.
Терімен сезінуге арналған тапсырмалар: Баланы әр түрлі тегістік беткейінде аунату «кілемде, қалың көрпешеде аунату» және көрпешеге орап аунату . Қол, аяқ саусақтарына батырып массаж жасау.
Тепе - теңдікті арналған тапсырмалар: Баланы ересек адам өзінің аяғына отырғызып, қолынан ұстап жоғары созу , төмен түсіру. Баланы далаға алып шығып бордиормен жүргізу немесе үйде көрпешелерді бүктеп, үстінен жүргізу. Велосипед айдату.