27.11 - 06.12.2024 аралығында Т. Есетов атындағы №264 мектеп - лицейінде барлық 11 - сыныптарда ата - аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде
1) ҰБТ - ға дайындықтың негізгі бағыттары;
2) Оқу бағдарламалары мен қосымша курстар;
3) Оқушылардың психологиялық және физикалық дайындығы
4) Ата - аналардың атқаратын рөлі мен көмегі мәселелері қаралды.
Жиналыс ата - аналар мен мұғалімдер байланысының ерекше формасында ұйымдастырылды. Белгілі бір пән бойынша сұрақтары бар ата - аналар өз балаларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен жүздесіп, олардың білім деңгейі, әр сынама тест нәтижелері мен тоқсандық қорытындылары, мінез - құлқы туралы пікір алысты.
Жиналысқа ата- аналармен бірге оқушылар да қатысты. Мектеп директоры
Б. Тумурзаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Бексеитова,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Н. Дуйсебекова барлық сынып жиналысына қатысып, ата - аналар сұрақтарына жауап берді.