«Білімділер бекеті» олимпиадасы
Бүгін, 26 қараша 2025 жылы мектебімізде 2-сынып оқушылары арасында «Білімділер бекеті» атты бастауыш олимпиадасы өтті.
Сайыстың мақсаты - оқушылардың зейінін, логикалық ойлауын, математикаға деген қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Олимпиадаға әр сыныптан белсенді оқушылар қатысып, өз білімдерін сынға салды.
Шара барысында балалардың тапқырлығы, жылдамдығы және білімге деген құштарлығы ерекше байқалды.
Барлық қатысушыларға алғыс айтып, алда биік жетістіктер тілейміз!