14 ақпан күні Тәкей Есетов атындағы
# 264 мектеп - лицейінде "Білімділер бекеті" атты 3 сынып оқушыларының арасында аймақтық интеллектуалды білім сайысы болып өтті. Сайысқа қала мектептері бойынша 13 мектептен оқушылар қатысты.
Сайыстың мақсаты:
*Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлықтарын арттыру;
*Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту;
*Оқушылардың барлық пәндерден алған білімдерін қайталату арқылы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
*Өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу;
Сайыс 5 айналымнан тұрды
1 - айналым: Бәйге Әр оқушыға жалпы пәндер бойынша 3 сұрақтан қойылды. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай
2 - айналым: Тест QR арқылы жүргізілді. Жалпы пәндер қамтылды. 10 сұрақ қойылды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
3 - айналым: Сиқырлы ұяшықтар
Әдебиет әлемі 10 20 30 40
Жұмбақтар әлемі10 20 30 40
Суретті мақал - мәтел10 20 30 40
Аспан әлемі10 20 30 40
Әр ұяшықтағы сандар бойынша ұпай берілді. Қатысушылар кезек бойынша тақырып пен ұпай санын таңдады.
4 - айналым: Сыр сандық. Салт - дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойылды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
5 - айналым: Мен зерттеушімін. 1 тәжірибе жұмысын көрсетеді. 1 минут уақыт берілді.
Сайысқа 282 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанқызы Лаззат,
Ә.Молдағұлова атындағы 173 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аксакалова Марина,
253 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Анар әділқазылық етті. Сайыс қызықты тартымды өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлдені "Орда School" жеке мектебінің оқушысы Дамир Аймира,
1 - орын Б.Момынбаев атындағы 278 IT мектеп - лицейінің оқушысы Жанаман Нұрзерек,
2 - орын Т.Есетов атындағы 264 мектеп - лицейінің оқушысы Саматұлы Нұрислам,
3 - орын Ұлағат білім ордасының оқушысы Оңдасын Дамир иеленді.
Қатысқан оқушылар Алғыс хатпен марапатталды.
Ұйымдастырушылар:
Бастауыш сынып мұғалімдері
Шакиева Салтанат
Сейдуллаева Эльмира
Сәндібекова Несібелі