4 наурыз күні Тәкей Есетов атындағы
264 мектеп - лицейінің “Бастауыш сыныптар” бірлестігінің онкүндігіне орай ұйымдастырылған “Жасанды интеллект технологиялары - заман талабы”атты бастауыш сыныптар апталығы барысында оқушыларымыздың білімдерін тиянақтау,сауатты және көркем жаза білу, тіл мәртебесін көтеруге атсалысу мақсатында 2 сыныптар арасында “Кім білімді болса,сол жеңімпаз!” интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыс 2 кезеңнен тұрды.
І кезең “Кім білгір?”
ІІ кезең “Мен сауатты және көркем жаза білемін”
Барлық кезеңдерде балалар қызығушылық танытып, белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде оқушыларымыз сайысқа белсене қатысқаны үшін диплом мен алғыс хаттарымен марапатталады.
Сайысқа 14 оқушы қатысты. Сайыс өз деңгейінде өткізілді. Әділқазылар бағалап,оқушыларды марапаттады.
”Бас жүлде” 2 “О” сынып оқушысы Мырзахмет Алуа
І орын 2 “Г” сынып оқушысы Балтабай Арай
І орын 2 “Р” сынып оқушысы Қанапия
ІІ орын 2 “Б” сынып оқушысы Қасқырбай Іңкәр
ІІ орын 2 “Ж” сынып оқушысы Мәдіғаппар Аяжан
ІІ орын 2 “В “ сынып оқушысы Әбдіғафур Арон Рашид
ІІІ орын 2 “Л” сынып оқушысы Алмасбекқызы Адия
ІІІ орын 2 “А” сынып оқушысы
Жасұланқызы Райана
ІІІ орын 2 “ Д” сынып оқушысы Кенжемұрат Мейіржан
ІІІ орын 2 “Ә “ сынып оқушысы Ұзақбай Айбар
Сайысқа қатысушы барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Сайыс өз мақсатына жетті. Қорытындылай келе,оқушыларымызға білім додасында биік шыңдарды бағындыра берсін демекпіз.
Ұйымдастырушылар: Ибадуллаева Индира Маратқызы,Дәужанова Ләззат Мұратқызы